Бүгін Бурабай ауданының емхана ұжымы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын ұжым болып тыңдады.
Медицина қызметкерлері Жолдауда айқындалған ел дамуының негізгі бағыттарымен, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған басым міндеттермен танысты.
Президент Жолдауы мемлекеттің стратегиялық даму бағдарларын айқындап, еліміздің өркендеуі жолында әрбір азаматтың жауапты еңбегінің маңыздылығын көрсетеді.

